Жаңа төраға тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 30 қарашадағы Жарлығымен Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болып Сералин Ерлік Әзірханұлы тағайындалды. Бұған дейін аталған сотта 4 жыл төраға болған Жұмағұлов Асылбек Файзрахманұлы осы Жарлықпен құрметті отставкаға шықты.
1973 жылы туған Е.Сералин сот жүйесіндегі қызметін 2006 жылы Арқалық қалалық сотының судьясы лауазымынан бастап, 2009 жылы қылмыстық сот құрылған кезеңде аталмыш сотқа судья болып тағайындалған.
Бұрынғы төраға А.Жұмағұлов еліміздің сот жүйесінде жиырма жылдан астам қызмет атқарған болатын. Соңғы қызмет орнына дейін Байқоныр қалалық сотында, Қызылорда облыстық сотында судьялық, Орал және Қостанай қалалық соттарында төрағалық қызмет атқарған.
Құрметті демалысқа шығарып салу және жаңа төрағаны тағайындау рәсімі қылмыстық сотта салтанатты түрде өтті. Қостанай облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Владимир Шакун оларды облыстың сот қауымдастығы атынан құттықтап, жаңа бастамаларда табыс тіледі.

Ләззат БАЙҒОЖИНА,
Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы