“Көк бөрі” клубы ашылды

Арқалықта алғаш рет ұлттық спорттың Жекпе-жек және Nomad MMA түрлерінен жас жеткіншектерді даярлайтын "Көк бөрі" клубы ашылды.01
Спорт клубының салтанатты ашылуына Nur Otan партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сабыржан Тасмағанбет, қалалық Ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы директоры Аманкелді Ахметжанов, қалалық «Намыс» жастар жекпе-жек клубының бапкері Ербол Мұқанов қатысып, жас балғындардың спорттағы үлкен қадамына ақ жол тіледі.
"Балалардың болашағы үшін шынайы қамқорлық танытып, нақты қолдау көрсетіп жатқан Қостанай облыстық «Жекпе-жек» сайысы федерациясына зор алғысымызды білдіреміз.
Клубқа 6-15 жас аралығындағы жасөспірім ер және қыз балалар қабылдануда. Мекенжайымыз: Маясова көшесі, №12 үй («Ақарыс» дәмханасы). Жаттығулар аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-11:30 және 16:00 – 17:30 аралықтарында өтеді. Келешекте осы ісімізді дамытып, жақсы шәкірт тәрбиелеп, клубымызды федерация деңгейіне жеткізуді ниет етіп отырмыз. Көршілес Аманкелді, Жанкелдин аудандарынан бөлімдерімізді ашсақ деген ойымыз бар", – дейді "Көк бөрі" спорт клубының бапкері, жауынгерлік самбодан спорт шеберлігіне үміткер Бауыржан Кәкімжанұлы.
 
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓