Автобустағы көрме

Қостанайда ҰОС 75 жылдығына арналған ерекше акция өтті. Қостанайлықтарға майдангерлердің қанқұйлы соғыстағы ерлігімен автобус ішінде танысу ұсынылды. №18 маршруттық көліктің екінші қабатына көрме орналастырылды. Жолаушылар жауынгерлер тұтынған заттармен және үшбу хаттармен танысуға мүмкіндік алды.автобуста-көрме22
Автобус жолаушыларына 2 сағат бойы бұл көрмені тамашалау ғанибеті бұйырды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жәдігерлерінің бұл кішігірім көрмесіндегі заттар өз иелерімен бірге майдан даласын көріп келген. Өкінішке қарай, оларды тұтынған ардагерлердің бірі де қазір өмірде жоқ, дегенмен бұл бұйымдар өшпес ерлікті мәңгі насихаттай бермек. v1
Маршруттық көлікте пошташы да қызмет көрсетті. Ол Қостанай облысына соғыс өтінен жолданған түпнұсқа үшбу хаттарды жолаушыларға оқуға ұсынды. Уақыт мүжіп, сарғайған хаттардың көбін анық түсініп оқу оңай емес. Дегенмен, көбі хат мәтінін түсінуге барынша ынта қойды. Жолаушылардың бірінің қолына амандық хат түссе, енді біріне қаралы қағазды оқу бұйырып жатты.v5
"Музей дилижансы – Жеңіс жолында" жобасын қостанайлық музей қызметкерлері жыл аяғына дейін жалғастырады. Әсіресе, күн райы жылынған кезде шараларды жиілете түспек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓