Фронт-кеңсе ашылды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы аясында бүгін Амангелді ауданы әкімдігінің жанынан фронт-кеңсе ашылды. Оның ашылу рәсіміне аудан әкімі Әмірхан Асанов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мекеме басшылары, аудан активтері және мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Аудан әкімі Әмірхан Біркенұлы алдағы уақытта орталықтың атқаратын жұмысы мен қызметтерін түсіндіріп, мұндай офистер Республикалық деңгейде қолға алынғандығын, қазіргі таңда барлық аудандарда қызмет көрсетіп жатқандығын айтып өтті.