Пирамидадан “құласаңыз”…
Қостанайлық полицейлер қаржы пирамидасынан зардап шеккен облыс тұрғындарын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаменті «UNNNITYcorporation» ЖШС басшылығы және өзге әріптестер (жетекшілер) тарапынан қаржы пирамидасын құру және оған басшылық жасау белгілері бойынша қылмыстық істі тергеуде», – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Полицейлер аталмыш ұйымның заңсыз іс-әрекеттерінен зиян шеккен облыс тұрғындарын Қостанай облысының Полиция департаментіне мына нөмірлер бойынша шағымдануды сұрайды: 8(7142) 52-63-97 немесе «102».