Қауіп алдында – 96 елді мекен
Қостанай облысындағы көптеген елді мекенге су тасқынынан қатер төніп тұр, – деп хабарлайды "ҚазАқпарат", "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Аймақта сегіз мыңдай адам тұратын 96 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Осы ретте құтқарушылардың диспетчерлік қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Төтенше жағдай бола қалса, арнайы техникалар да сақадай сай тұр. Қар мөлшері көп түскен Меңдіқара, Қарабалық, Қарасу, Сарыкөл аудандарына төрт су айдау техникасы мен мотопомпа жұмылдыру көзделген. Облыс аумағынан бүгінде жарты миллион текше метр қар полигонға шығарылған. Ал өзен-көлдердің мұзы былтырға қарағанда екі есе көп жарылады. Осылайша, судың өз арнасымен еркін ағуына жағдай жасалмақ.
«Қарағанды облысы Ұлытау тауынан келеді деп ойлап отырмыз. Қазгидрометтің мәліметінше, сол жақтан биыл су көбірек түседі. Ресейдің Челябі облысынан келетін суды әріптестерімізбен наурызда кездесіп тағы да сөйлесеміз», – дейді облыстық ТЖД басшысы Талғат Кәкімов.
Сурет интернеттен алынды