Сезімге толы суреттер

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының залында "Шебер және оның шәкірттері" атты көрме ашылды. Қостанай қаласының тұңғыш кәсіби суретшісі А.И.Никифоровтың өнерге қосқан үлесін көрсетуде, көрменің көрерменге берері мол.
Көрме авторы Ұлы Отан соғысының ардагері, өзінің жауынгерлік жолын Мәскеуден Венаға дейін жүріп өткен, Жеңіс күнін де сол жерде қарсы алған. Соғыс жылдарында жараланған, марапаттары да бар. Әскерден қайт-қан  Александр Иванович 1946 жылы Свердлов көркемсурет училищесіне оқуға түсіп, бірақ денсаулығына байланысты оқуды аяқтай алмай, туған қаласына қайта оралады. Одан арғы бар өмірін шығармашылық пен қостанайлық жас суретшілерді тәр- биелеуге арнаған.  
Айтолқын
       АЙҚАДАМОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓