Рудныйда – жаңа имам
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен Рудный қаласындағы «Нұр» мешітінің бас имамы болып Бектұрсын Уәлиев тағайындалды. Жаңа басшыны жамағатқа облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Дархан Сыздықов таныстырды.



Айта кетейік, кеншілер қаласында төрт жыл қызмет еткен Азамат Мұрзақанов Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітіне наиб имам болып тағайындалды.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ