Қызметінен өз еркімен кетті

Василий Александрович Цымбалюк басқа жұмысқа ауысуына байланысты білім басқармасының басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Облыстық білім басқармасының ұжымы бұрынғы басшысына жаңа жұмыс орнында табыс тілейді.

Қазіргі уақытта оның қызметтік орнына конкурс жарияланды.

Айта кету керек, В.Цымбалюктің білім беру саласындағы тәжірибесі мол. Ол осы уақытқа дейін Қостанай қалалық білім бөлімін жеті жылдай, облыстық білім басқармасын бір жарым жылдай басқарды.

цымбалюкОблыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы хабарлағандай, бүгінде білім басқармасы басшысының міндетін Ермек Айтмағамбетов уақытша атқаруда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓