Өнерлінің өзегі талмас

23 тамыз күні Затобол кентіндегі "Астана" спорт кешенінде арбаға таңылған жандар арасында биден сайыс өтеді. Айтулы бәсекені "Үміт-Надежда" қоғамдық бірлестігі мен облыстық мәдениет және спорт бөлімі ұйымдастырғалы отыр. Байқау облыс деңгейінде өткізіледі. eHYajNGWf74

(фото kstnews.kz сайтынан алынды)

Мамандар атап өткендей, мүгедектерді оңалту тек медициналық тұрғыдан емес, осындай жылдам қозғалысқа бейімдейтін және көңіл сергітетін жобалар арқылы жүзеге асуы тиіс. Бұл қадам оларды өздерін толыққанды адам ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Салтанатты кештердегіндей жұп-жұп болып сайысқа түсетін үміткерлер кейін республикалық жарыстарда облыс намысын қорғайтын болады. Би байқауы сағат 12:00-де басталады

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓