Аудан әкімі есеп берді

Бүгін Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Теменовтің тұрғындар алдындағы қорытынды есеп беру кездесуі өтті. Жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник, облыстық білім басқармасының балаларды әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Гүлнар Досмұхамедова, аудандық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік мекеме  басшылары, ауыл әкімдері, ЖШС және шаруа қожалығы басшылары және аудан тұрғындары қатысты.
есеп
Аудан басшысы Ерлан Олжабайұлы есепті кездесуінде 2019 жылға арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің орындалуына және 2020 жылға арналған міндеттерге тоқталды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ауданның жалпы өңірлік өнімі 37,2 млрд теңгені құраған (2018 жылы – 39,3 млрд теңге). Ал, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару үлесі 44 пайызды құрап, өнім көлемі 16,5 млрд теңгені құрады.
есеп1
-Өткен жылғы қуаңшылық біздің шаруалар үшін де оңайға соққан жоқ.  Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 211,2 мың гектар алқаптан астық жинады, орташа өнімділік 3,4 ц/га. 26,5 мың тонна көлемінде 100% тұқыммен қамтамасыз ету құйылды. “ҚазАгроҚаржы” АҚ және екінші деңгейлі банктер арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 1,9 млрд теңге сомасында мемлекеттен қолдау көрсетілді. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін 7,3 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Үкімет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына және 7 млн теңге сомасына үш шаруашылыққа техника сатып алуға алынған 96 млн теңгеден астам сомаға алты кредиттің мерзімін ұзартуға көмек көрсетілді, – дейді аудан әкімі Е.Теменов.
Өңірде ет өндіру көлемі бес пайызға, сүт 3,5 пайызға және жұмыртқа өндіру көлемі 1,4 пайызға артқан. Шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басының өсуі байқалады. Малды қыстан аман алып шығу мақсатында 119 тонна шөп қоры жиналды. Ауданда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,5 млрд теңге, ауданның жалпы өңірлік өнімінің үлесі 15  пайызды құрайды. Жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндірудің нақты көлем индексі 102,4 пайызды құрады. Тұрғын үй құрылысы саласында 2527 шаршы метр жеке тұрғын үй немесе 108,5 пайызы іске қосылды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 6,6 млрд теңгеге орындалды, нақты көлем индексі  91 құрады. Жеке инвестициялар есебінен “Ар-Раиан” ЖШС 138 млн теңге сомасына аумағы 1150 шаршы метр 18 пәтерлік тұрғын үйді пайдалануға берді. Аудан экономикасына 8,6 млрд теңге инвестиция салынып, нақты көлем индексі 101,5 пайызды құрады. Бүгінде ауданда шағын бизнес саласында 1842 субъект тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 1590 немесе 86,3 пайыз.
есеп2
-Азаматтардың өтініштерімен жұмыс атқару биліктің халықпен өзара іс-қимылының маңызды нысаны болып табылады. Өткен жылы 1808 өтініш түсті, сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, жер пайдалану, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы және білім саласына қатысты. 1721 өтініш қаралып, оның 457-і қанағаттандырылды, қалғаны бойынша түсініктеме берілді. Елбасы, Президент Жолдаулары – нақты іс-қимыл бағдарламасы. Біз осы процеске мемлекеттік органдар мен халықты белсенді тарта отырып, қойылған міндеттерді шешу үшін барлық қажетті жағдайларды жасайтын боламыз, – деп атап өтті аудан басшысы.
есеп3
Баяндамадан кейін тұрғындар тарапынан ауызша және жазбаша түрде барлығы 21 сауал түсіп, оған аудан басшысы нақты жауап қайтарып, көтерілген мәселелерді бақылауда ұстайтынын жеткізді. Жиында аудан әкімінің атқарған қызметіне алғыс айтқандар да болды.
 

        

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓