Қымбатты қостанайлықтар!
Әрбір артта қалған жыл – өміріміздің бір бөлігі.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жаңа тұрғын үйлер, коммуналдық нысандар енгізіліп, елді мекендерді абаттандыру жүргізілуде.
Білім, денсаулық сақтау мен спорттың заманауи нысандарының саны артып келеді. Қолайсыз ауа райына қарамастан біздің диқандарымыз 4,5 миллион тонна егін жинады. Бұл нағыз ерен еңбек.
Құрметті жерлестер, мен, сіздердің адал еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Облысымыздың жетістігі – сіздердің еңбектеріңіз. Бұл әрбір жұмыскердің, әрбір еңбек ұжымының, түрлі буындағы кәсіп иелерінің сіңірген еңбегі.Қол жеткізген нәтижелер жаңа жеңістер мен жетістіктерге серпін береді деп сенемін. Әрине, біз іс жүзінде күрделі халықаралық саяси және экономикалық ахуалды шынайы бағалаймыз. Және де дағдарыс толқынына әзірміз.
Мемлекетіміздің Басшысы айқындап берген Қазақстанның Жаңа Экономикалық Саясатын іске асыру бізге бұл сенімділікті беріп отыр. Бұл еліміздің инфрақұрылымдық әлеуетін дамытуға бағытталған елеулі қаражаттан тұратын дағдарысқа қарсы нақты бағдарлама.
Сондықтан біз батыл түрде өміріміздің жаңа парағын ашамыз. 2015 жылмен ең жарқын, асқақ жоспарларды байланыстырып отырмыз.
Жаңа жыл, ел ырысы мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырсын.
Жаңа жыл түні біз әрқашан жақындарымыз бен жанымызға ыстық адамдарымыздың қасында болуға тырысамыз.
Шын жүректен әрбір қостанайлықтың отбасына денсаулық, бақыт, құт-береке, барлық бастаған істеріне табыс тілеймін.
Жаңа 2015 жыл құтты болсын!
Қостанай облысының әкімі
Н. Садуақасов.