Жеті сайын жәрмеңке
Аманкелді ауданы. Аудан орталығында ауылдық округтердің тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өткізілуде. Жәрмеңкеде нан, сүт және балық, ет өнімдері, отын, мал азығы, кебек және бау-бақша өнімдері арзандатылған (10-15 пайыз) бағамен сатылуда. Бұл бастама аудан тұрғындарының көңілдерінен шығуда. Аманкелділіктер өздеріне қажетті тауарды тиімді бағамен алып жатқандарын айтады.