Аудандағы ахуал тұрақты

Амангелді ауданының әкімі Әмірхан Асанов халық алдында 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы есеп берді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов арнайы барып қатысты.Безымянный
Бұл ауданның негізгі экономикалық тірегі – ауыл шаруашылығы. Былтыр егістік көлемі 2018 жылдағыға қарағанда 7232 гектарға ұлғайып, барлығы 138 мың гектарға жеткен. 2019 жылы 88 мың тонна өнім алынды. Мал шаруашылығын өрістетуге 334 шаруа қожалығы мен 4 ЖШС қатысқан. Инфрақұрылым да назардан тыс емес. Амангелді және Есір ауылдарына 852 млн теңгеге су желісі тартылып, 9 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылды. Биыл Қабырға елді мекенін орталықтандырылған ауыз сумен қамту қолға алынады. Оған 91 млн теңге бөлінеді. Жол жөндеу жұмыстарына 42 млн 600 мың теңге жұмсалды. 18 млн теңгег 9 жылу қазандығы сатып алынған. Әлеуметтік ахуал да әлді. Есепті кезеңде 782 жұмыс орны ашылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 102 адам орналасқан. АӘК бойынша 462 отбасы немесе 2685 адамға 301 млн 272 мың теңге төленді. 50 отбасыдағы 280 адам бұл көмектен қағылып, 4 млн 604 мың теңге үнемделген. "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында 2 жанұяға жаңа баспананың кілті бұйырыпты.1
Жиын барысында аудан әкімі тікелей қойылған және телефон, электронды почта арқылы жолданған тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ал облыс әкімінің орынбасары Ғауез Торсанұлы оңды пікірін білдіріп, тек өндіріс көлемін ұлғайтуға көңіл бөлуді тапсырды.Безымянный

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓