Коронавирусқа қатысты оқу-жаттығу өтті
Қостанай қаласының халықаралық әуежайында Қытайда және басқа да елдерде тарап жатқан коронавирус дертіне байланысты оқу-жаттығу шарасы ұйымдастырылды.



Барлық мүдделі ведомстволар дереу хабардар етіліп, науқасты арнайы капсулаға салып, одан кейін ол шұғыл ауруханаға жатқызылды.
Оқу-жаттығуды өткізуге облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және медицина мамандары қатысты.