Жанармай қымбаттай бастады

Өткен жылдың соңында Қазақстанда бензинге акциз ставкаларын өзгерту туралы ҚР Үкіметінің қаулысы жарияланған еді. Құжат 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Оның мәтініне сәйкес акциз тоннасына 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге дейін өсті. Бұл жанармай құю бекеттеріндегі бағаның шамамен 10 теңгеге өсуіне әкеледі деп күтілген еді… 2020012117205010205_fuel-jan-3
Zakon.kz  сайты жазғандай, бағаны "қалтасынан қосатын" ЖҚС-лар көбейе бастаған. Қаңтардың алғашқы күндерінде бекеттердегі бағамдар бір қалыпта тұрған, бірақ, жұрт секемденгендей, бұл тұрақтылық ұзаққа бармаған секілді. Егер бұған дейін АИ-92 литрі 145 теңгеден сатылған болса, бүгінде бес ірі желі 150 теңгеге дейін өсірген. Әзірге, "ҚазМұнайГаз" ғана бұрынғы бағаны ұстап тұр, алайда олардың шыдамы да жуырда түгесіледі деп болжай беруге болады. 
Жіктей айтқанда, ең жоғары баға Sinooil бекеттерінде – 150 теңге. Ал "Газпрома" ЖҚС-дағы жанармай құны 148 теңгеден. Helios пен Royal Petrol 149 теңгеден сатады. 
Маусымаралық дизельдік отын құны өзгерген жоқ. Бұрынғысынша, 191-194 теңгеден сатылады. Анағұрлым қолжетімді дизел "ҚазМұнайГаз" компаниясында, ал ең қымбатын "Газпром" бекеттерінен кезіктіресіз.
Айта кетейік,  ірі компаниялар бағаны 3-5 теңгеге көтерген болса, басқа ЖҚС бағалары әлдеқайда жоғарылап кеткен. Қазіргі таңда жанармай литрін 158 теңгеден сатып жатқан бекеттердің суреттері әлеуметтік желілерді шарлап жүр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓