Мүгедектер мәселесі билік назарында

Бүгін облыс әкімі Н.Садуақасов қаламыздағы Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнында болып қайтты.
IMG_9962
Бюджеттік мекемелердің тапсырысы бойынша арнайы киімдер тігетін бұл мекеменің іргетасы сонау 1950 жылы құрылған болатын. Жылына 150 млн. теңгенің өнімін шығаратын аталмыш кәсіпорында бүгінде сексен адам еңбек етуде. Мемлекет тарапынан алатын жәрдемақыға телмірмей, өз беттерінше табыс тауып отырған жандардың тірлігіне облыс әкімі де дән ризашылығын білдірді. Әрі ғаріп жандарды толғандырған мәселелер болса билік тарапынан да қашанда қолдау болатындығын жеткізді.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің келесі санынан оқи аласыздар.
 
Қарлығаш Оспанова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓