Сапалы қызмет – санаулы минутта

Халыққа қызмет көрсету орталығы бүгінде өз мүмкіндігін кеңейтіп, Е-GOV жүйелі түрде жұмыс істеуде. Өңір тұрғындары үшін 500-ге жуық қызмет түрі көрсетілуде. Жыл басынан бері аталған мекемеде көлік жүргізу куәлігі беріле бастады, ал электронды үкімет арқылы керек анықтаманы үйден шықпай ақ ала беруге де болады. Барлық жаңашылдықтар жайлы көбірек мағлұмат беру мақсатында, халыққа қызмет көрсету орталығы «ашық есік» күндерін өткізді.цонХалыққа қызмет көрсету орталығына келгендердің барлығын мекеме директоры Еркін Жұмабайдың өзі қабылдауда. Сұрақтарға жауап беріп, енгізілген жаңашылдықтар жайлы баяндауда. «Ашық есік күндерін» өткізу – жылдағы дәстүр. Келушілердің сауалдарының көбі – жұмысқа орналасу, қызмет көрсету түрлері турасында.
Бүгінде халық игілігі үшін барлығы 530 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілуде. Азаматтардың қажетті қызметке ешкімнің көмегінсіз қол жеткізуді үйрету де мұнда басты назарда. Бар болғаны, электронды-сандық қолтаңба мен ғаламтор желісімен жұмыс істей білсеңіз болғаны.IMG_0550цон007
Биылдан бастап мекеме жаңа пилоттық жобаны iске қосты. Бұл жоба шеңберiнде баланың тууын тiркеудi, оның күтiмiне жәрдемақы тағайындауды, босану және жүктiлiкке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтiк төлемдердi рәсiмдеудi, сондай-ақ баланы балабақша кезегiне қоюды жас аналар перзентханада жүзеге асыра алады.
Әр апта сайын мобильді халыққа қызмет орталығының мамандары аудандарға шығып, тиісті  қызмет түрлерін көрсетіп, тұрғындарға кеңес береді.
 
"Қазақстан-Қостанай" ОТРК

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓