Жастарға жағдай жасалуда
Таран ауданы. Ауданға қарасты Май ауылдық округінде «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру бойынша жастардың қатысуымен жиын өтті. Айтулы шара аудандық жастар бастамалары орталығы мен жұмыспен қамту орталығы бастамашы болған еді. Мекеме қызметкерлері өз ісін бастағысы келетін, жұмыссыз азаматтарға несие алудың жолдарын түсіндірді.