Өзеннен 4 тонна қоқыс шығарылды

Жыл сайын республикалық акция аясында өзен-көлдерді тазарту жұмыстары  жаслады. Көктемгі тазалық шаралары Қостанай облысы аумағында қарқынды жүріп жатыр. Аталмыш акция мамыр айыныың басында басталып, 31-не дейін жалғаспақ. Оған облыс бойынша жергілікті әкімдіктер, су айдындарының пайдаланушылары,  мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысып, жағалауларды тұрмыстық қалдықтан, қараусыз қалған аулардан тазартады.IMG_1652
 
IMG_1721Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының ұйымдастыруымен Қостанай ауданына қарасты Садовый ауылының аумағында тазалық жұмыстары өтті. Игі шараға Ішкі істер департаменті, Су ресурсатрын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы, Қостанай облысы бойынша экология Департаменті, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы және Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері белсенді қатысты.IMG_1671
Садовый ауылы маңынан Тобыл өзені ағып жатыр. Жаз айларында қостанайлықтардың жиі келіп демалатын орны болғандықтан,  өзен әбден ластанған. «Таза су айдындары» акциясы аясында өзен бойы мен жағалауда қыруар шаруа атқарылып, төрт тоннаға жуық қоқыс шығарылды және балық аулауға арналған 25 ау судан алынды.IMG_1670
-Бұл акция жыл сайын өтеді және жыл сайын көретін көрініс осы. Демалушылар қоршаған ортаға бейжай қарайды. Адам, біріншіден, өзін және айналасындағыларды сыйласа, қоқысты лақтырмас еді. Жақын жерде тұратындар ауласынан шыққан қоқысты да осында әкеліп төгеді. Бұдан табиғаттың зардап шегетіні анық. Сосын көбісі заңсыз балық аулап, ауларын қалдырып кетеді. Оған оралып қалған балықтар шіріп, өзен маңынан жағымсыз иіс шығады. Аталған факторлар адам денсаулығын да зиянды. Сондықтан, Қостанай облысының тұрғындарына биыл жазда ондай қателіктер жасамайық дегім келеді, соңымыздан тазартып жүрейік,-дейді «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ балық шаруашылғы бөлімінің бас маманы Маржан Дандубаева.IMG_1679
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓