Ардагерге сыйлық
Сарыкөл ауданы. «Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығына» орай ұйымдастырылған «70 игі іс» акциясы аясында агробизнес және құқық колледжі мен жасотандықтар игі іске мұрындық болды. Аудан жастары Жеңістің таңбалары бейнеленген әшекей бұйымдарын өз қолдарымен жасап, оны өткізіп, одан түскен ақшаны соғыс ардагері Павел Черепахинге табыстады. Шара барысында дастархан жайылып, студенттер ардагермен қосылып, майдан жылдарындағы әндерді шырқады.