Фольклорлық экспедициясы Торғай өңірінде
Елбасының “Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Жолдауын іске асыру бойынша еліміздің рухын көтеру, ұлы мақсаттарға жеткізетін “Мәңгілік ел” ұлттық идеясы негізінде қазақ халқының бірегей өнер түрлерін ( жыраулық, терме, өсиет, насихат сөздерін) жаңғырту, сақтау мақсатында облыстық «Қостанай таңы» газеті мен көркемөнерпаздар халық шығармашылық орталығы фольклорлық экспедициясы Торғай өңіріне атбасын тіреді.
Облыстық халық шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі Салтанат Өтелбаеваның айтуына қарағанда, киелі өнердің қара шаңырағына айналған Торғай жерінің қасиетті де құнарлы топырағын басу – әркім үшін үлкен бақыт. Себебі, бұл өнерлі өңірде қазақтың дәстүрлі әндерін насихаттап, жыраулық өнерін дәріптеп, кейінгі жас ұрпаққа мың жылдық азық болар мұра қалдырған Н.Ахметбеков, А.Әбіқаев, С.Әбікеевтердің кіндік қаны тамған жері. Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі Талғат Молдағалиев пен облыстық “Қостанай таңы” газетінің тілшісі Нұрболат Мешітбаев ауданымызға келудегі мақсаттары қазақ халқының киелі өнерінің құндылықтарын жас ұрпаққа ұғындырып, қаз – қалпында сақтап, жеткізсек одан асқан шексіз бақыт жоқ екендігін өз сөздеріне арқау етті.
Байбатыр Ниязбекұлы
Жанкелдин ауданы