“Үздік логотип” байқауы

Қазақ радиосының ғасырлық мерейтойы 2021 жылы тойланады. 100 жылдыққа орай логотипке байқау жарияланып отыр, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.Без названия
Атап айтқанда, ғасырлық тарихы бар Қазақ радиосын дәріптеу әрі тақырыпты ашу, қолданыстағы (бекітілген) логотипті негізге алу, түсі мен шрифттер бекітілген логотипке сәйкес келуі, авторлық құқықтарға сәйкес болуы секілді талаптар қойылып отыр.
Байқауға қатысатындар авторлық жобасын JPEG форматта қысқаша мәтінмен (түсіндірмелік) qazradio100@gmail.com электронды поштасына жолдауы тиіс. Байқауға 14.01.2020- 14.02.2020 жыл аралығында жарияланған жұмыстар қабылданады.
«Түскен материалдың барлығы әлеуметтік желіге жариялау құқына келіскен деп есептеледі. Үздік шыққан логотип ұлт үнжариясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылатын барлық шарада қолданылады», – делінген радио мәліметінде.
Айта кетейік, жеңімпазға 100 000 теңге көлемінде сыйақы ұсынылады. Жеңімпаз анықталған соң, логотип CorelDRAW форматта көрсетілген электронды поштаға жіберілуі қажет. Жеңімпаз 17 ақпан күні анықталады. Нұсқаны «Қазпошта» арқылы, «Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі 4, Қазмедиа орталығы, «Қазақ радиолары» ЖШС» мекен-жайына жолдауға болады.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓