Математикалық халық жұмбақтары
1. Бұлбұлдың екі құлағы, бір басы бар
Салдыраған сегіз жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
2. Екі айнасы бар, екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
3. Мен бір жұмбақ айтайын асыл досқа,
Бір сарай толып тұрған ақ күміске,
Болғанда алты тауық, жеті тақ-тақ,
Баршасы қорқады екен тоты құстан.
4. Екі ауылдың баласы еңбектеп келеді,
Төрт ауылдың баласы төбелесіп келеді.
Бір ауылдың баласы шөпшек теріп келеді.
5. Бір ағашта қырық бұтақ,
Қырық бұтақта қырық ұя,
Қырық ұяда қырық жұмыртқа,
Қырық жұмыртқада қырық балапан.