Аттракцион бұзылады

Рудный қаласында жаңадан салынған шолу дөңгелегінің жұмысы сот шешімімен тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. photo_290749Бүгін Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Рудный қаласы тұтынушылар құқығын қорғау орталығы» мемлекеттік мекемесінің Рудный қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі, Рудный қаласы әкімінің аппараты, Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, «АлатауГорСтрой» ЖШС, «Elite Expert», «Рэтро-2» ұйымдарына қатысты талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Арыз беруші тарап Рудный қаласындағы «Шолу дөңгелегі» аттракционын пайдалануға тыйым салуды өтінген.
Бұған дейінгі сот шешімі бойынша сот аталған аттракционды пайдалануды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта тиісті сот сараптамаларын тағайындау мәселесі толығымен аяқталды.
«Сот Рудный қаласындағы «шолу дөңгелегі» құрылғысының 27.12.2018 жылы берілген пайдалануға қабылдау актісін заңсыз деп тану туралы шешім қабылдады және Рудный қаласы әкімдігінің құрылыс бөліміне және «АлатауГорСтрой» ЖШС-не «Достық» саябағында тұрған «шолу дөңгелегін» үш ай ішінде бөлшектеу міндеті жүктелді. Сот сонымен қатар Қостанай облысының әкіміне және Қостанай облысының прокурорына бірқатар жеке ұйғарымдар шығарды. Тараптарға сот қабылдаған шешімнің түсіндірмесі беріліп, өткізілген сот актілеріне шағымдану құқығы түсіндірілді», – деді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Еске салсақ, Рудный қаласының тұрғыны шолу дөңгелегінің дұрыс айналмай тұрғанына шағымданып, әлеуметтік желілерге бейнежазба таратқан болатын. Алайда, «АлатауГорСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілі Александр Кореневтің сөзінше, шолу дөңгелегі пайдалануға берілген уақытта ақаусыз жұмыс істеген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓