11 адам оқшауланды
Күні кеше, 8 желтоқсанда Қостанай халықаралық әуежайына келіп қонған "Шарм Эль Шейх (Мысыр) – Костанай" бағытындағы халықаралық әуе рейсінде ПРЦ-тест анықтамасы жоқ 11 жолаушы болған.
Ұшақ бортында 239 жолаушы, 6 экипаж мүшесі болды. Қостанай қаласындағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының және санитарлық-карантиндік бекет мамандары халықаралық әуе кемесі келіп қонысымен барлық жолаушыға термометрия, сауалнамадан өткізіп, оларда ПЦР-тест анықтамасының бар-жоғы тексерілді.