Жерлесіміз – ТМД Құрметті энергетигі!
КEGOC АҚ Қостанай аумақтық электр торабының бастығы Алмас Сарыбаевқа ТМД елдері арасында электр энергетикасын дамытудағы еңбегі үшін «ТМД құрметті энергетигі» атағы берілді. Алмас Қасыбайұлы – бұл атаққа Тобыл-Торғай өңірінде тұңғыш қол жеткізген азамат.

А.Сарыбаев – Жанкелдин ауданында инженер-электрик кәсібін игерген алғашқы маман. Ол 1990 жылы Алматы Энергетикалық институтын бітіріп келген соң аудандық электр жүйесі мекемесіне мастер болып орналасты. Жас отбасылы болғандықтан «Балдырған» балалар бақшасында электрмен дәнекерлеуші болып қосымша жұмыс істеді. 1993-1996 жылдары Жанкелдин ауданы бойынша Мемлекеттік энергоинспектор қызметін атқарды. 1998 жылы Жанкелдин аудандық электр жүйесі мекемесіне басшы болып тағайындалып, Базарбай Жақсыбаев, Жаңқылыш Қойгелдин, Қасымбек Молдашев, Қабыкен Ізтілеуов, Раөымжан Ахметжанов, Серік Есмұратов, Ибраһим Серікұлы тәрізді майталман мамандармен бірлесіпе елге қызмет етті. Кейін жеті-сегіз ай көлемінде Арқалықтағы «Оңтүстік электр жүйесі» АҚ президенті болды.


Әлібек ЫБЫРАЙ