Ұлы ұстазға тағзым
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұжымы Қостанай қаласындағы қазақтың ұлы ағартушысы, ұлт ұстазы, халық мектебінің негізін қалаушы тұңғыш педагог Ыбырай Алтынсариннің ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті. Айта кетейік, бұл ескерткіш әйгілі педагог Ыбырайдың 180 жылдығы мерейтойы қарсаңында ашылып отыр.
Басқарма мәліметіне сүйенсек, облысымызда Ыбырай Алтынсарин есімін иеленген 65 әлеуметтік-мәдени нысандар бар. Олар: 1 аудан, 2 ауыл, 1 теміржол станциясы, 1 мұражай, 1 институт, 1 колледж, 7 мектеп. Сондай-ақ ұлы ұстаздың есімі 1 шағын аудан мен 50 көшеге берілген. Тіл басқармасы өз тарапынан келесі жылы атаулы датаны өткіузге дайындық үстінде.