Бабы аян Бабаян
Қостанайдың "Тобылы" белгілі қазақстандық маман Григорий Бабаянмен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Григорий Бабаян мансабын Германияның «Биберах» клубында бастады. Кейін «Алма-Ата» мен «Қайрат» клубтарының намысын қорғады. Маман бапкер ретінде 2005 жылы Алматыға ауысты. 2012 жылы Григорий Бабаян «Астанамен» келісімшартқа отырды. Елордалық командамен бірге ол Қазақстанның бес дүркін чемпионы және Кубоктың екі дүркін жеңімпазы атанды. Ұлттық құрамада тәжірибесі бар.
Ол 2018 маусымды «Астанада» бас бапкер ретінде өткізіп, алтын медальды жеңіп алды. Осыдан кейін ол Премьер-Лиганың үздік жаттықтырушысы деп танылды.