Ақтөбеден абыроймен оралды

21-22 желтоқсан күндері Ақтөбе қаласында грэпплинг және панкратион жекпе-жегінен республикалық турнир өтті. Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған жарысқа еліміздің аймақтарынан 400-дей спортшы бақ сынасты. Бұл турнирге аралас жекпе-жектен кәсіби жұдырықтасушы Гойти Дазаев мұрындық болып отыр.  IMG-20191226-WA0008
Додаға Қостанай облысынан 7 жастан 20 жас аралығындағы 24 оғылан қатысты. Аймағымыздың грэпплинг және панкратионнан аға жаттықтырушылары Марат Әліпбаев пен Алмат Жүнісовтің шәкірттері екі күнге созылған бәсекеде 22 алтын, 8 күміс, 2 қола – барлығы 32 медаль еншілеп келіп отыр.IMG-20191226-WA0009
Чемпиондар қатарында Савелий Малинковский, Әмір Тілеміс, Есен Батыршаев, Тимур Ибраев, Потап Захаров, Кирилл Черванюк, Радомир Морозов, Устинья Димиова Захар, Димов, Әлішер Кенжебаев, Максим Павлов, Владимир Беленицкий, Владимир Пермяков, Владислав Швецов, Данияр Бәкіров бар.
Қ.Қиысхан

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓