Үздік жобалар анықталмақ
"Тобыл" ӘКК облыс әкімдігінің қолдауымен "Kostanai EXPO 2014" аймақтық байқау жариялады. Оның қорытындысы алдағы қараша айында "Болашақ энергиясы" жобаларының көрмесіне ұласпақ.

Байқауға жіберілген жобалар туралы өтініштер мына бағыттар бойынша қаралады: жарықтың жаңартылған және баламалы көздері; энергосақтау және жарықтың тиімділігі; экологиялық қауіпсіздік және электр қорын сақтау; "жасыл технология".
Байқауға облыс аумағында тұратын жеке тұлғалармен қатар түрлі меншік иелері қатыса алады. Қостанай облысының аумағында инновацииялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті өзге облыс өкілдерінің де байқауға өтініш тапсыруына болады.
Байқау комиссиясының назарына жас интелектуалдардың жобалары ұсынылып, олар үшін жеке "Колледждер мен мектеп оқушыларының үздік инновация-лық идеялары мен жобалары" аталымы тағайындалады. Қал-ған қатысушылар " Үздік ғылыми-техникалық өңдеу" және "Үздік бизнес жоба" аталымдары бойынша жүлдеге таласады.
Естеріңізге салайық, барлық өтініштер үстіміздегі жылдың 15 қыркүйегінен 15 қарашасына дейін қабылданады.
Айбек
КӘДІРҰЛЫ