Ардагердің хал-жағдайын сұрап..
"Ардагерлерді ардақтайық" жобасының аясында "Нұр Отан" партиясы Қостанай облыстық филиалы және "Жас Отан" жастар қанатының өкілдері ҰОС ардагері Михаил Петруковичтің үйінде болып, қарттың тұрмыс-тіршілігімен танысып, кешегі өткен Ұлы Отан соғыс жайлы айт-қан әңгімесін тыңдады. Қарт ардагер келген қонақтарға қуанып қалды. Михаил Петрукович сонау Беларусиядан екен. 17 жасында соғысқа қатысып, Чехословакия, Венгрия және тағы бас-қа елдерді жаудан азат етіп, 1944 жылдан 1950 жылдарға дейін әскер қатарында болды. "Соғысқа барғанымда тым жас болдым. Басқаларды қалай, жау болса да, адамды қалай өлтіре-мін деп ойладым. Жанымдағы досым маған әркезде сен қалай ғана оларды өлтірмейсің, олар жау ғой, олар біздің адамдарды өлтіріп жатыр емес пе дейтін. Әлі есімде, екі күн бойы тамақ ішпегеніміз. Жейтін ештеңе болмады, тамақтың орнына қар жедік. Соғыста жараландым. Содан запас-қа шықтым", – дейді ардагер соғыс естеліктерін еске түсіріп. Ардагер Қазақстанға тың жерлерді көтеру жылдарында(1961 жылы) келіпті. 1976 жылы зейнеткерлік-ке шығыпты. "Үстіміздегі жылдың 19 қарашасында 88 жасқа келемін. Екі балам, бес немерем, төрт шөберем бар. Шөбере қызым мектепке барады, 5 сыныпта оқиды", – дейді соғыс ардагері Михаил Петрукович.
Гүлназым
САҒИТОВА
Суретте: ардагермен кездесу барысында.