Нәзік жандарға – қолдау
Қостанай облысында Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен "Әлеуметтік еңбек аясында әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы" семинар-жиыны өтті.

– Сондықтан да Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен еліміздегі әйелдердің әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталған "Әлеуметтік еңбек аясында әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы" атты жобаны қолға алып отыр. Бұл іс-шара аясында қыз-келіншектеріміздің еліміздегі "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасына қатысу мүмкін-діктері туралы ақпараттандыру деңгейі мен әйелдердің әлеуметтік-еңбек аясындағы құқықтарын көтеру, жеке іскерлікпен айналысуға, жұмысқа орналасуға қолдау көрсету, әлеуметтік-ахуалын жақсартуға бағытталып отыр. Бұл бағдарлама әлі де болса өз деңгейінде жұмыс істеп отыр деп айта алмаймыз. Енді ойлап көріңізші, бірнеше жылдардан соң өзі-өзін жұмыспен қамтып отырғандар зейнет жасына келгенде қандай зейнетақы алады? Қоғамда әлеуметтік шиеленістер туындауы мүмкін. Ал, енді жобаға келер болсақ, жоба үш мақсатты топты қамтиды, біріншісі, жұмыссыз және өз-өзін жұмыспен қамтып отырған әйелдер, сонымен қатар жас қыздар, екіншісі, репродуктивті жастағы әйелдер, ал, үшіншісі, зейнет алды және зейнет жасындағы әйелдер. Әйелдердің еркектерге қарағанда алар еңбекақысы да төмен.
Үстіміздегі жылдың аяғына дейін іскер әйелдер қауымдастығы Қостанай облысында кем дегенде жиырма әйелге өздері-нің істерін ашуға көмек бермекпіз. Осы жоба және де Алматы, Атырау облыстарында да жүзеге асырылады. Сол секілді жұртшылықтың қаншалықты "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасымен ақпараттандырылғаны туралы мониторинг үшін еліміз-дің барлық өңірінде әлеуметтік сауалнама жүргізбекпіз, – деді бізге республикамыздағы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсенбаева.
Гүлназым
Сағитова