Басқармада – жаңа басшы

Облыс әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2016 жылғы 17 маусымдағы үкімімен Шуленов Мәжит Мақсұтұлы Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымына тағайындалды. 

80156841-928

Мәжит Мақсұтұлы 1971 жылы 14 мамырда Қамысты ауданының Орқаш селосында туған. 2000 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін ұлттық мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді. Еңбек қызметін 1988 жылы бастады. 1998-2000 жылдары Қостанай облысының ішкі істер басқармасында, 2000-2007 жылдары мемлекеттік органдарда әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2007-2008 жылдары – "Агромашхолдинг"АҚ президентінің  жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі. 
2008-2016 жылдары "Тобыл" ӘКК" АҚ жұртшылықпен байланыс, жарнаманы насихаттау жөніндегі департамент директоры, ұйымдастыру-бақылау департаментінің бастығы болып жұмыс істеді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓