Жаңа заманғы білім талабы немесе Қазақстан мен Австралияның білім жүйесіндегі ерекшеліктер

DSC_0434Елімізде білім саласында орын алып жатқан реформалар жаңа технологиялар мен әдістемелерді, көптеген ізденістерді қажет етеді. Отандық білім жүйесіне тиімді өзгерістер, жағымды жаңалықтар әкелу мақсатында "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша  филиалы  ауқымды жұмыстарды атқарып келеді. "Өрлеу" мамандары – инновациялық дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы  Татьяна Набатникова мен аға оқытушы Күмісбике  Күлесова Австралия еліне барып, білім саласы бойынша әлемдік тәжірибеден өтіп қайтты.
– Елдегі білім жүйесін одан әрі дамыту үшін игілікті істер, тынбай жұмыс атқару керек екені сөзсіз.  Атақты Австралия жеріне қандай мақсатта барып қайттыңыздар?
Т.Набатникова: Білім саласын дамытудағы басты бағыттардың бірі – шетелдік тәжірибелерді өзімізде жүзеге асыру. "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орта-лығы" акционерлік қоғамының Қостанайдағы филиалы осы мақсатта әлемнің түкпір-түкпіріне өз мамандарын  жіберіп отыра-ды. Қазақстандық білім жүйесінің тәжірибесімен шетелде бөлісу үшін де көп жұмыстар атқарылып келеді.
К.Күлесова: Біздің бұл жолғы бағыт – Австралиядағы беделді университеттердің бірі Брисбен қаласындағы Гриффит болды. Небәрі 20 миллион халқы бар "жасыл құрлық" таңғажайып табиғатымен әсте мақтана ала-ды. Білім сапасы жағынан да әлемнің алдыңғы қатарлы орын-дарында тұрғаны мәлім. Білім беру және бағалау ерекшеліктері бойынша Австралия алпауыт елдер саналатын АҚШ, Англия, Германия, Швейцарияға үлгі көрсете алады. "Өрлеу" сапары барысында көптеген ұқсастық-тар мен ерекшеліктерді көріп-білдік, алдағы уақытта облысы-мыздың білім сапасын арттыру жолында оң көмегін тигізеді деп ойлаймын.
– Қазақстандық білім жүйе-сімен ұқсастықтары мен ерек-шеліктері бар деп қалдыңыз… 
 К.Күлесова: Өзгешелігі, оқу-шыларға 12 жылдық жүйе енгізіл-ген. 6 жастан 15 жасқа дейін ғана білім алуға құқылы. Оқушы өз еркімен білімін әрі қарай жалғас-тыра алады. Мектепте тек бір сала бойынша да оқуға болады. Сондай-ақ, Австралия Distance Learning атты қашықтықтан оқы-туды қолданған алғашқы мем-лекет. Бұл әдіс өте кеңінен іске асырылады. Оқушы үйде оты-рып-ақ компьютер арқылы тап-сырмалар орындай алады. Жә-не де мұғалімдер біліктілік курс-тарынан 6 ай сайын өтіп отыра-ды. Бұл оқу сапасын жақсарту үшін жасалынатын ұтымды қадам.
Т.Набатникова: Біздің еліміз-дегідей бастауыш сыныпты 4 жыл оқиды, ЖОО-на түсу үшін тестілеуден өтеді. Тағы бір ұқсас-тығы, егер болашақ студент инже-нер мамандығына түскісі келсе физика, математика пәндерін жақсы игеруі қажет. Австралия әрбір студентін интеллектуалды, шығармашыл етіп даярлау үшін қажырлы еңбек атқарып келеді. Сондықтан да Австралия жоғары оқу орындары әлемде алдыңғы орында.
– Австралиядағы мектептер жаңа  заманғы  білім  талаптар-ына сай жасалған. Жабдықтар жыл сайын ауыстырылып тұ-рады, жетілген жаңа техноло-гиялармен жабдықталған. Біз бұларды ғаламтордан білеміз. Және австралиялық мұғалім-дер осы мүмкіндіктерді қалай пайдаланады? Оқытудың әдістері қандай?
 Т.Набатникова: Австралия тәжірибеде біраз жыл жетілген Британ білім беру жүйесін қолда-нады. Primary school. Бұл біздегі бастауыш сыныпқа ұқсайды. 4 жыл бір мұғалімнен білім алады. Мамандыққа баулу үшін әр сала бойынша мұғалімдер тәжірибе жүзінде дәріс өткізеді. Ондағы мақсат – оқушыларды күнделікті тұрмысқа, тәртіпке, былайша айтқанда, болашақ өмірге даярлайды.
К.Күлесова: Оқу жылы қаңтар-да басталып, желтоқсанда аяқта-лады. Оқушылар аптаның 5 күнін-де білім алады. Ал ауыл мектеп-терінде жас аралыққа бөліп оқы-тады. Бұны композициялық деп атайды. Ондағы бір ерекшелік – дәріс радио арқылы өтеді. Жоға-ры сыныптарда ағылшын тілі, бухгалтерия, экономикаға өте көп көңіл бөледі. Әріптік бағалау жүйесі (A. B. C. D) енгізілген. Австралия мектептерінің "көзірі" атанған "Ғылым" пәні мектеп-терде 12 жыл бойы оқытылады.
– Брисбен қаласы несімен есте қалды?
Т.Набатникова: Бұл қаланы тұрғындар "жаңа дәуірдің қала-сы" деп атайды екен. Қала Тынық мұхитының жағасында орналас-қан. Тағы бір айта кетерлігі, қала-ның қақ ортасынан біз теледи-дардан көріп жүрген кесірткелер, кенгурулар, түрлі құстарды оңай кездестіруге болады. Тұрғындар үшін бұл үйреншікті жағдай. Біз желтоқсан айында бардық, яғни бұл Австралияда жаздың баста-луы болатын. Бұл біз үшін есте қаларлық кезеңдердің бірі болды.
Қасқырбай
Қойшыманов.
 

You may also like...

3 Responses

  1. Дулат айтты:

    Сұқбат қай тілде жүрді екен,қызық?

  2. Асемжан айтты:

    Осыдан бірер жыл бұрын “Өрлеу” жұмыс істемек құрлы, атын “шығармайтын” да еді…

  3. Махпал айтты:

    Австралиядағы инклюзивті білім берү туралы жоқпа

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓