Ұлы ұстаздың елінде “Қостанай таңы” газетінің күндері Алтынсарин ауданында өтті

Аудан әкімі Б.Ахметов Қостанай таңын бала кезінен оқып келеді
Осы дәстүр жалғасын тауып, шығармашыл топ қала іргесінде жатқан Алтынсарин ауданында болды. Ы.Алтынсарин, М.Хакімжанова, О.Шипин сынды қазақтың біртуар перзенттерін дүниеге әкелген қасиетті топырақ – Алтынсарин ауданында "Қостанай таңы" газетінің күндері осылай бастау алды. Аталған аудан жұртшылығының дені орыс тілді. Қазақ тіліндегі басылымға жазылу
көрсеткіші бұл ауданда бар болғаны 150 дана екен. Дей тұрғанмен аудандық мәдениет үйіне жиналған оқырман қалың болмаса да әңгіме емін-жарқын жағдайда өрбіді. Шүкір, мұнда өз оқырмандарымыз бен жанашырларымыз баршылық екен. Мұны аудан әкімі Батырбек Ахметовтің сөзінен-ақ сезіндік.

Ақсақал Ж.Сейітов тұрақты оқырман
– Ауданда "Қостанай таңының" күндері өтуде. Бұл газет 92 жылдан бері об-лыстың барлық өмірін газет бетінен көрсетіп келе жатқан жалғыз қазақ тілді басылым. Осы басылымды кішкентайымнан оқып өскен жанның бірі мен едім. Ел ішіндегі жылт еткен жаңалықтарды газет бетіне шығарып, оқырмандарды құлағдар ететін басылым-ға жазылуды ортақ мақсат санаймыз. Халықтың санына қарай ауданда жазылу азырақ. Жылына 150 дана ғана жаздырып алады екенбіз. Ал біз сияқты өзге аудандар жыл сайын 1500-2000 дана жаздырып келеді. Сондықтан, жазылу науқанын жақсарту біздің міндетіміз. Алтынсарин ауданын таныта түсетін меншікті тілшіміздің болғанын қалар едік.
Сол себептен де аудан өмірі газет бетінен толығымен көрсетілмей келеді, – деді аудан әкімі.

Б. Жүзбай газет жанашыры
Қазір келесі жылдың баспасөзіне жазылу нау-қанының нағыз қызған шағы. Бұқарамен, әсіресе газет оқырмандарымен жақын байланыс орнатудың бірден бір жолы елмен тікелей жүздесу. Себебі, ауыл адамдарының қашанда айтары бар. Мұндай кештер күнде бола бермейтіні белгілі. Кездесу барысында газеттің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков оқырмандарды газет редакциясының бүгінгі тыныс-тіршілігімен, болашақтағы жоспары туралы хабардар қылды.
Редакция алқасымен бірге ауданға белгілі ақын Серікбай Оспанов, жазушы, жерлесіміз Тұрсынбек Токин, әнші Манапбек Қадіров та барған еді. Олар да өз ойларын ортаға салып, әндерін арнай отырды.
"Есімді білгеннен өлең жазып келеді екенмін, – деп сөзін бастады Серікбай Оспанов. – "Қостанай таңын" бала кезімнен оқимын. 50 жыл бойы осы газет жансерігіме айналып келеді. Дегенмен орыс тілді басылымдармен салыстырғанда қазақ газетінің таралымы әлдеқайда төмен екенін көремін. Намысқа тырысу керек, ағайын.
Ағайын-туыс, досқа айтарым,
Жаздырып алыңыз "Қостанай таңын"! – деп ұран тастады ақын ағамыз.

Жас тілші куәлігін алғанда
– "Қостанай таңы" – талайды көрген газет. Бүгінде өркендеп келеді. Өзім үнемі жаздырып аламын. Әсіресе "Бас редактор әлемін" оқып, риза болып отырамын. Менің айтарым, газет бетінде қарапайым еңбек адамдары туралы көбірек жазылса деймін. Және де ауыл жастарын көрсетіп отырса, тіптен жарасып кетер еді деген ойдамын. Бүгінде газет сапалы, мазмұны да жақсы, – деді ақсақал.
Аудандық мәдениет үйінің қызметкері Біржан Жүзбай екі сауал тастады:
– Алтынсарин ауданынан сіздерге үнемі жазып отыратын меншікті тілші болады ма? Және газет бетінде жазылып жатқан сыннан қорытынды бар ма? Қорытынды болса, газетке жазып, оқырман біліп отырса.
Бас редактор екеуіне де жауап берді.
– Ауданнан меншікті тілші алуға қажеттілік жоқ. Себебі, аудан қалаға жақын. Газеттің тілшілері қандай да бір шараға іссапармен келіп, жазып кете алады. Келешекте ауданда жазылу данасы артып жатса, сіздерден ақпарат та көбейеді. Ал сыннан шыққан қорытындыға келер болсақ, мұндай біздің тәжірибемізде бар. Келешекте де жалғасады, сыннан шыққан қорытындымен оқырманды құлағдар етіп отырамыз.

Газет оқырманымен бағалы
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА