Абзал жандар ардақталған күн
Маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осыған орай, бүгін қалалық Мирасмәдениет үйінде салтанатты жиын болды.
Медицина қызметкерлерін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтап, олардың халық алдындағы жауапты еңбектері үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, әкім өңірдің денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді де атап өтті.




Жиын соңында денсаулық сақтау саласында аянбай тер төгіп, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, халықтың жылы ықыласы мен алғысына бөленіп келе жатқан бір топ медицина қызметкерлері «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен және облыс әкімінің алғыс хаттармен марапатталды.

Қарлығаш ОСПАНОВА