Жедел хабарландыру!

Осы жылдың 19 желтоқсанында (сағат 13.00-14.00) облыстық әкімдіктің әкімшілік ғимаратында (Әл-Фараби даңғылы, 66) полицияның кешенді күштерін, Полиция департаментінің арнайы бөлімшелерін және облыстың апаттық қызметтерін тарта отырып, қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге, жеке құрамның қылмыстық қол сұғушылықпен және экстремалды жағдайлардағы іс-әрекеттерге дайындығы мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «Шабуыл» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Осыған байланысты, Тәуелсіздік көшесі (Баймағамбетов және Алтынсарин көшелері аралығында), сондай-ақ, Дулатов көшесінің іргелес бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі.
Қала қонақтары мен тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, тыныштықты сақтауды сұраймыз.
 
Қостанай облысы әкімінің аппараты,
Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓