Тиімді төлем, ұтымды ұсыныс
Алғашқы отандық лоукостер Fly-Arystan Нұр-Сұлтан-Қостанай-Нұр-Сұлтан бағытында күнделікті қатынайтын рейсін ашты. Елордадан келушілерді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қарсы алып, баспасөз конференциясын өткізді.





Сонымен, лоукостер компаниялар қызметінің бағасы соншама арзан болуының сыры неде? Біріншіден, олар шығынды барынша үнемдеуге тырысады. Мәселен, билеттер онлайн режімде сатылатындықтан, арнайы әуе кассаларының қызметі пайдаланылмайды. Ұшақ билетін сатқаны үшін комиссиялық ақы алынбайды. Сондай-ақ жолаушыларға ұшақта тамақ берілмейді. Берілсе, ол үшін жеке ақы алынуы, бағасы қымбаттау болуы мүмкін. Бортсерік секілді ұшақ қызметкерлері әмбебап болып, бірнеше адамның жұмысын қатар алып жүре алады.

– Күнделікті екі бағытта қатынайтын ұшақ рейсін көп күттік. Билет құнының арзандығына орай ақшаңызбен қатар уақытыңызды да үнемдейсіз. Бір жарым сағат ішінде қалаған бағытыңызда бола аласыз. Ұшаққа өзіңізбен 5 келі салмақтағы жүгіңізді тегін алып кіре аласыз ал, 15 келіге дейін жүгіңіз үшін 1500 тг қосымша қаражат төлейсіз. Ұшақ билеттерінің ең төменгі құны – 5999 теңге. Билетке қазірден-ақ лоукостер сайты арқылы тапсырыс беруге болады. Компания ақпаратынша, Қостанай-Нұр-Сұлтан бағытына 180 орынға шақталған Airbus A320 ұшақтары қызмет көрсетеді, – деді Жанар Жайлауова.
–Fly-Arystan әуекомпаниясының ұшағында барлық жағдай жасалған, ең бастысы, билет құны арзан. Бізді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов күтіп алды. Ұшақтың қызмет көрсету сапасын сұрап білді. Ол кісімен естелік суретке түстік. Борт-серіктері жоғары деңгейде қызмет атқарды,– дейді Маржан Қонысбай.

Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков