Экс-әкім еркіндікте

Бүгін Қостанай облыстық сотының алқасы Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдады.ахметжанов
 «Сот мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың қарсылықты негіздерін қарастырмайды. Сот қаулысы шағымдануға жатпайды», — делінген сот үкімінде.
Сондай-ақ, А.Ахметжановқа пробациялық бақылау тағайындалды. А.Ахметжанов қоныс колониясынан тек ертең ғана шығады, өйткені бүгін тиісті құжаттарды рәсімдеп үлгермейді.
Еске салсақ, Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен Ахмедбек Ахметжанов 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол алдағы жаза мерзімін қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде өтеп келді. Сот оның дүние-мүлкі тәркіленсін деген шешімге келген-ді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓