ШЫРША ШАМДАРЫ ЖАҒЫЛДЫ
Бүгін қаламыздың орталық алаңында жаңа жылдық бас шыршаның шамдары салтанатты түрде жағылды. Мерекелік іс-шараға қала тұрғындары да көптеп жиналды. Салтанататты шараға қала әкімі Қайрат Ахметов қатысты. Ол жұртшылықты келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
–Жасыл шыршаның шамын жағатын күнді қостанайлықтар асыға күтеді. Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Келер 2020 жылдан күтеріміз мол. Жаңа жыл – әр отбасына жылулық әкелетін, көңілге үміт пен сенім ұялатып, шапағат пен шаттық сыйлайтын ғажайыпқа толы мереке! Жаңа жыл әрбір отбасыға бақыт, табыс әкелсін. Баршаңызға жақсылық, ең ізгі тілектердің орындалуын тілеймін, – деді қала әкімі Қайрат Ахметов.
Қала әкімінің құттықтау сөзінен кейін жаңа жылдың басты кейіпкері – Аяз ата сиқырлы таяқшасымен бас шыршаның шамын жақты. Жылдағы дәстүрге сай Аяз ата мен Ақшақар және ертегі кейіпкерлері қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Суреттерді түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ.