Ана тілің – арың

Мен тіл мәселесі туралы сөз қозғағым келеді. Мен Қостанай қаласындағы қызмет көрсету колледжінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Мұнда қазақ балалары жетерлік, өкінішке қарай олардың  көбі бір-бірімен орысша сөйлеседі. Мен өзім сыныпқа кіргеннен бастап сабақты қазақша жүргіземін. Мектепте, колледж-де, жоғары оқу орындарында қазақ тілі пәні жүктемесі көбейтілді емес пе?.
тілБүгінгі таңда қазақ тілін қадірлеп қана қоймай, ана тіліндей сүйетін өзге ұлттың өкілдері өте көп. Менің тобымда орыс ұлтының баласы Руднев Василий деген оқушы бар. Ол өзі қазақша таза сөйлейді, мүдірмей таза қазақ тілінде жауап береді. Өзге ұлттың баласы қазақ тілін жетік біліп тұрғанына сүйсіне қарайсың. Мен Василийге:
– Қазақ тілін қалай, қайдан үйрендің? – дегенімде,  ауылда  көршілерім,  достарым  бәрі  де қазақ  балалары болды, солармен қазақша сөй-лесіп үйрендім және де мен Қазақстан азаматымын, қазақ тілін білуге міндеттімін, – деп жауап қайырды. Ал, кейбір қазақ балалары өз тілін жетік білмейтіндігі былай тұрсын, түсінбейді.
Қазір үш тілді үйренуіміз қажет дейміз, меніңше, ең бірінші ана тілімізді жетік білуіміз қажет сияқты. Өзге тілді өз тілімізді жетік білгеннен кейін меңгеруіміз керек. Отбасында ата-анасымен, дүниеге келген күннен ана тілін құлағына құйып, бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өскен бала ғана өз ұлтының нағыз патриоты бола алады деп ойлаймын. Қазақ тілін жетік білетініміз үнемі таза қазақ тілінде сөйлеуге, жанымыздағы өзге ұлттың балаларына үйретуге, қызықтыруға талпынуымыз қажет. Мен Қазақстандамын, мемлекеттік тілді білуім керек, сыйлауым, құрметтеуім, сөйлеуім керек дегендер көп емес қой. Ең алдымен "Қазақ  қазақпен қазақша сөйлессін!" деген Елбасымыздың тілегін орындауымыз шарт. Тіл – халықтың болашағы, бүгіні, өткені. Ел болып жұмылып, "Көп  түкірсе – көл "  дегендей, үйде, көшеде, жұмыста қазақша сөйлейік. Сонда әрқайсысымыздың қосқан үлесіміз болмақ.
Даржан ҚАРЖАУБАЕВА,
Қостанай қаласындағы қызмет көрсету колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓