Жүргіншіні соғып кетті
Жолдағы оқиғалардың басым бөлігі жүргіншілердің көшеден белгіленбеген жерден өтуімен байланысты. Облыста жол жүрісін бұзудың осындай 3557 жағдайы тіркелген.

Лисаков қаласында "Деу Нексия" автомобилінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, 56 жастағы жүргіншіні соғып кетті. Жүргінші ауруханаға түсті. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал жинақталды.