Бала туу көрсеткіші төмен

Қостанайда соңғы бес жылда бала туу көрсеткіші күрт төмендеп кеткен. Бұл туралы облыстық әлеуметтік төлемдер жөніндегі ведомствоаралық есеп айырысу орталығында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.бала тууАталған орталықтың директорының орынбасары Ақбота Алдабергенованың сөзіне қарағанда, Қостанай облысы бала туу көрсеткіші төмен өңірлердің қатарына енді. Мәселен, 2015 жылы 12 729 нәресте дүниеге келсе, 2017 жылы 11 707 сәби туған.
«Қолда бар деректерге сәйкес, қазір облыс бойынша 5000 аяғы ауыр әйел бар. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Туу көрсеткішінің төмен болуының нақты себебі жоқ. Болашақ аналар мемлекет тарапынан материалдық көмек алып тұрады. Атап айтқанда, сәби 1 жасқа толғанша ай сайын 13853 теңге төленеді. Сондай-ақ, 91 390 теңге біржолғы көмек ретінде беріледі. Егер отбасында төртінші бала өмірге келсе, онда мемлекет 150 мың теңге төлейді», – деп түсіндірді Ақбота Алдабергенова.
Өткен жылы облыс тұрғындарының саны 6,7 пайызға кеміген. Жалпы, өңірде 877 мың адам тұрады.  Қалаларда – 471 мың, ал ауылдарда 406,3 мың адам тіркелген.
Мамандардың айтуынша, бала туу көрсеткішінің азаюы ерлі-зайыптылардың ажырасуына тікелей байланысты. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Меңдіқара ауданында әрбір екінші неке бұзылған.  Бұған қоса Алтынсарин, Федоров, Қостанай аудандарында да ажырасу фактілері жиілеген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓