Өз тіліңді құрметте…
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте, –
деп ақын жырлағанындай, қазақ халқының ана тілін ардақтап, оның қолданылуын кеңейту, мем-лекеттік тіл мәртебесіне толықтай ие болуы үшін Қостанай қа-ласындағы №8 орта мектебі-міздің директоры Бәтима Мұқановна басшылығымен бағыт-бағдар берудің нәтижесінде ұстаздар қауымы көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.

Әрине, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету оңай деп айта алмаймын. Десе де түрлі әдіс, теория, практикалық жаттығулар, көрнекі құралдар, көркем суреттер, бейнематериалдарды қолдану арқылы діттеген мақсаттарымызға жетіп жүрміз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Мәңгілік ел " стратегиялық бағдарламасында әрбір қазақ азаматы үш тілді игеруі керек деген мақсат қойды. Осы бағытта ұстаздарымыз өмір ағымына орай өз жұмыстарымызды нәтижелі, қызықты өткізуді көздеп отырмыз. Таяуда біздің оқушыларымыз өмір ағымына сай: "Қостанай – 135", "Шетелдік досқа хат", "Ел ертеңі жастар", "2050-ге саяхат" деген сияқты тақырыптарда әңгіме кұрып, пікірталас ұйымдастырдық. Тілді үйрету барысында жұмыстарымыз бен сабақтарымызды әріптестеріміз-бен кеңесе отырып ұйымдастырамыз. Бір-бірімізбен тәжірибе алмасу да жолға қойылған. Тілдер күніне де назардан тыс қалмайды. Сондықтан, еліміздің абыройы асқақ, мақсаты айқын, айбыны биік екенін әлемнің алпауыт елдері де мойын бұрған шақта, осындай еңселі елдің ұстаздары да осал болмауы керек.
Раушан ӘБЕНОВА,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Қостанай қаласы.