Ауылда имандылық үйі ашылды

Бүгін ұлтымыздың ұлы тұлғалары Балғожа мен Ханғожа билер, Ыбырай мен Мәриям, тақтақ ақын Нұржан Наушабайұлының өмірі өткен, қарағайы мен қайыңы аралас, табиғатының сұлулығына көз жетпейтін қасиетті елде мұсылман қауымы үшін тамаша мешіт ашылып жатыр. Алтынсарин ауданының Щербаков (Қобыланды) ауылына мұндай сыйды аймағымызға белгілі Мизанбаевтар әулеті тарту етті.

 

Мешіттің ашылу рәсімінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет, белгілі ақын Ақылбек Шаяхмет  құттықтау сөз сөйледі. Айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиев арнау арнады. Соңынан бабалар рухына арналып ас беріліп, Құран бағышталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓