Қостанайда IT-тур басталды
Облыстың цифрландыру басқармасы IT саласының мамандары үшін ауқымды тур өткізіп жатыр. Іс-шара Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де ректормен және студенттермен кездесуден басталды.

"Біздің өңірде креатив жастар көп, зияткерлік әлеуеті жоғары. Сондықтан дәл осы IT және креатив индустриямен байланысты салалар сұраныста. Біз оларға қолдау көрсетуге дайынбыз", – деп атап өтті облыстың Цифрландыру басқармасының басшысы Азамат Кашиев.
Кездесу барысында ЖОО-ның басшылығы мен ІТ мамандары осы салада білікті кадрларды даярлау, өңірдің IT-компанияларында студенттердің болашақ тәжірибесі жөнінде мәселелерді талқылады. Жиыннан соң ІТ-қауымдастықтар облыстың барлық ірі кәсіпорындарына аралауға барды.
