Қой майы

Қойдың майы құйрық май, шарбы май, бүйрек май деп үшке бөлінеді. Дәрі ретінде көбінесе құйрық май пайдаланылады. Ем болатын аурулары:
1. Жөтелді басып, қақырықты босату үшін құйрық майды шыжғыртып, 50г мөлшерінде ыстықтай ішеді. Тұмаудан болған созылмалы жөтелге құйрық майды ыстық сүтке қосып ішеді.
2. Жаңа туған бөбектерді әр жетіде бір рет тұзды суға шомылдырғаннан кейін, суықтан сақтану және теріні жұмсарту мақсатында қой майымен сылайды.
3. Балаларға тұмау тиіп жөтелгенде, алқымды, алақанды, табанды қойдың жылы майымен сыласа, сауығады.
4. Ішуге және денедегі тері ауруына қолдану үшін қойдың майына дәрі өлтіреді.
 (Баспасөзден).
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓