Суық тигізіп алмаңыз

Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.Досымова апта сайынғы штабтың сәбилер мен балалар өлімін азайту жөніндегі жұмысына қатысты. Ол өңірдегі балалар арасында ЖРВИ/тұмаумен ауырғандардың эпидемиологиялық жағдайы туралы мәселе көтерді.
Қазіргі уақытта ЖРВИ және В тұмауы бойынша эпидемиологиялық жағдай аурудың маусымдық өсуімен сипатталады. Эпидемиологиялық маусымның соңғы 51 аптасында облыста 100 мың тұрғынға шаққанда 1520,0 аурушаңдық көрсеткішімен ЖРВИ-нің 13173 жағдайы тіркелген. Өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанғандар 1,5 есеген өскен. Бұл жағдай көбіне 14 жасқа дейінгі балаларға қатысты, олар барлық ауырғандардың 70% құрайды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар да, жүкті әйелдер де бар.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тұмау мен тұмау инфекцияларының айналымына мониторинг жүргізеді. Мәселен, осы жылдың 1 қазанынан бастап, яғни эпидемиологиялық маусымның басынан бастап ЖРВИ клиникасына жүгінген пациенттерден 555 сынама іріктеліп алынды, тұмаудың 151 жағдайы тіркелді. Қостанай қаласында – 81, Рудный қаласында – 26, Қостанай ауданында – 21, Алтынсарин ауданында – 23. Барлық жағдайларда В типті тұмау вирусы анықталды, олардың 114 – і ересектер, 37-і 14 жасқа дейінгі балалар, 1-і 1 жасқа дейінгі бала.
Бұл жағдай оқушылар арасында да тіркелген. Облыстың 195 мектебінде авуырған балалар бар. Егер оқушылардың ЖРВИ ауруларын тіркеу кезінде бір сыныпта сынып санының 20-дан 30% – ға дейін болса білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесі тоқтап, күнтізбелік он күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады, сонымен қатар сыныптағы бала санының 30% және одан көбі ауырса, бір инкубациялық кезең ішінде оқушыларды онлайн оқытуға ауыстырылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓