Ән кешінен қапы қалмаңыз

Әнші, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның жеке орындаушысы, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, облыстық меценаттар клубы сыйлығының иегері Талғат Молдағалиевтің «Атадан мирас асқақ ән» атты шығармашылық кеші өтеді.талгат
Кеш қонақтары: ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, әнші Рамазан Стамғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ерлан Рысқали, ҚР мәдениет саласының үздігі, әнші Манапбек Кәдіров, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның қазақ ұлт аспаптар оркестрі (бас дирижері – М.Төлебаев атындағы V халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер байқауының лауреаты Берік Оразалин, көркемдік жетекшісі – ҚР мәдениет саласының үздігі Батырбек Байназаров).
Кеш 2019 жылдың 7 желтоқсан күні сағат 17.00-де Жастар сарайында өтеді.
Анықтама телефондары: 8 (7142) 90-23-68, 8-705-450-16-02.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓